Әлем жаңалықтары
Илон Маск пен Марк Цукербергпен Қазақстанда отырып тілдесу мүмкін бе? 2021 жылдың аты шулы әлеуметтік желісі ClubHouse жайлы не білесіз?
ClubHouse жаңа әлеуметтік желі.
Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маск ClubHouse-та жеке конференциясын жасап,оны Twitter-ге жариялады. Бұдан кейін ClubHouse-тың етек жаймауы мүмкін емес еді.Twitter-ден ағылған адамдар биржада ClubHouse акцияларын сатып ала бастады. Бірақ бұл әлеуметтік желі биржа нарығында жоқ еді. Инвесторлар басқа ClubHouse акцияларын саудалады.
ClubHouse-тың басқа әлеуметік желілерден айырмашылығы не? Ол жеке «бөлмелерден» және «клубтардан»тұрады. Өз «жеке бөлмеңізде» конференция,подкаст немесе Ted ұйымдастырсаңыз болады.Тек аудио формат түрінде. Кіріп тіркелгеннен кейін сізге шақырту керек болады. Ол шақырту «инвайт» деп аталады. Достарыңыздан «инвайт» алсаңыз жеке конференцияларға қатыса аласыз. Ол жерде спикер сайланып сөз сөйлейді немесе оқырмандар арасында дискус жасауға болады. Кейбір қолданушылар «инвайтты» eBay,Alibaba-да сатылымға шығарып қойған.
ClubHouse негізін қалаған Пол Дэвисон мен Роган Сэт. Екеуі де Стэнфорд университетінің түлегі. Бұл жоба 2012 жылы басталғанымен сәтсіз шықты. 2020жылы сәуір айында жаңа форматта қайта іске қосылды. 2021 жылдың басында қолданушы саны 1 миллионға жетті. Желіні қолданушылар пікірінше бұл Илон Маск пен Марк Цукербергпен тілдесе алатын жаңа нетворкинг ортасы.
фото: esquire.ru