Bugin

Экологиялық дағдарыс қауіп төндіріп тұр

Қазақстанда табиғат апаты көбейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Табиғи ортаны бүлдірмеу, ластанудан сақтау, табиғат байлығын ұтымды пайдалану қазіргі кезде адамзаттың алдында тұрған басты ғаламдық мәселелердің біріне айналды.

Ғаламдық өзгерістер – адамзаттың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік дамуы шешілетін аса маңызды мәселе. Қазіргі өркениетке тән құбылыс – ғаламдық қауіп-қатердің өршуі. Олар әртүрлі және күннен-күнге артып жатыр.

Қазіргі таңда ғаламдық өзгерістердің бірі – экологиялық проблема. Себебі көптеген өзгеріс орын алып жатыр. Оған табиғат апаты, экологияның бұзылуы, ауаның ластануы сынды құбылыстар дәлел. Қазіргі әлемде экологиялық проблема өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды.

Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдіру сипатында әсер етіп жатыр. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйені өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асады. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайда орны толмас зардапқа әкеп соқты.

Экологиялық дағдарыс шын мәнінде қауіп төндіріп отыр. Іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайды кез келген аймақтан көруге болады. Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес, ауаны да ластап келеді.

Өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Міне, аталған әрекеттің барлығы дерлік экологияның бұзылуының бірден-бір себебі. Сондықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарап та жатады. Олар неше түрлі көз, тері, өкпе дертін адамдарға дарытады.

Сонымен қатар, соңғы жылдары әлемнің түкпір-түкпірінде ауа райының күрт өзгеруі байқалады. Мәселен, мүлде қар жаумайтын сахараның өзіне қар түскені әлеуметтік желілердегі видеолар арқылы таралған болатын. Әлемді былай қойғанда, биыл 2021 жылы астанадағы боран елдің үрейін ұшырды.

Еліміздің басқа да аймағындағы су тасқынынан да қаншама халық зардап шекті. Қазір климаттың жаһандық жылынуы байқалады. Бұл мәселе климаттың өзгеруіне және жер бетінде әр түрлі құбылыстың туындауына, сондай-ақ ауа райы өзгеруіне алып келуде.

Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып келеді. Жылдан жылға адамдардың қалыптасқан табиғат кешеніне тигізетін ықпалы барған сайын арта түсуде.

Себебі адамзатқа күннен-күнге тамақ өнімдері, пайдалы қазбалар, әртүрлі түсті металдар өте көп қажет болып отыр. Адамзатқа қажеттінің бәрін де тірі және өлі табиғат береді.

Табиғи ортаны бүлдірмеу, ластанудан сақтау, табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану қазіргі кезде адамзаттың алдында тұрған басты ғаламдық мәселелердің біріне айналды.

Сондықтан табиғат жайындағы ғылымдардың дамуымен адам баласының болашақтағы әл-ауқаты тығыз байланысты. Бұл мәселені шешуде соңғы кезде дамып келе жатқан экология ғылымы жетекші орын алады.