Bugin
18 ақпаннан 19 ақпанға қараған түні Ай мен Марс бір-біріне жақындайды. Бұл құбылысты еліміздің барлық аймағынан көруге болады
Физика-математика ғылымдарының докторы Виктор Тейфель айтуынша, құбылысты Ай көрінетін барлық аймақтардан бақылай аласыз.
"Қазақстандықтар алаңдамаса да болады, оны елдің барлық аймағынан көре алады. Ең бастысы аспан ашық болса болды. Марс ашық сары жұлдыз ретінде көрінеді. Әрине, дискіні көрмейсіздер, бірақ ол жеткілікті түрде анық болады", - деді астрофизик.
Оның айтуынша, мұндай құбылыстар сирек кездесетін астрономиялық оқиғаға жатпайды. Ол "жақындау" Айдың Марсқа физикалық жақындауын білдірмейді деп түсіндірді. Тек Жерден олар бір-біріне жақын көрінеді.
"Егер адамға кешке оңтүстік-батыс көкжиегі көрінетін болса, ол Айды жарық кезде де көреді. Қараңғы түскенде Марс та көрінеді. Жақындасу кештен түн ортасына дейін көрінеді", - деп түсіндірді Виктор Тейфель.
Ғалым бұл құбылыс қалаларда да айқын көрінетінін атап өтті.
"Ашық далаға барудың қажеті жоқ. Метеорлар туралы сөз болғанда, сіз оларды қалада көре алмайсыз, өйткені қаланың жарығы көп. Бірақ Ай мен Марстың жақындасуын барлық жерде көре аласыздар", - деді Тейфель.