Қоғам

Ақын Шөмішбай Сариев дүниеден өтті

XX ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариев 75 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансысында дүниеге келген. Еңбек жолын "Ленин туы", "Толқын" газеттерінде бастаған. Кейін "Қазақстан" баспасының редакторы, "Жұлдыз" журналы бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми, аға ғылыми қызметкері болған.

1971 жылы ҚазМУ дың журналистика факультетін бітірген.1996 жылы "Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері" атты тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін иеленген "XX ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы" атты монография жазған. "Тарлан" сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Қазіргі уақытқа дейін М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызметкер болды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  Шөмішбай Сариевтің отбасына көңіл айтты. 

BUGIN.KZ  платформасы ақынның отбасына көңіл айтады.