Bugin
Журналистика мамандығын таңдаған әр талапкерге сәттілік тілеп, үміт сиыйайтын ҚазҰУға шақырамын
Баспа, радио және интернет журналистика саласындағы «Үркер-2020» ұлттық сыйлығы жеңімпаздарының басы қосылған онлайн конференция жоғары деңгейде өтті. Айтулы шара қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ұсынысымен, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ пен «Медиа даму қорының» қолдауымен жас тілшілерге жол тартты.
Үркер сыйлығына ұсынылған 500-ге тарта еңбектің арасынан суырылып алға шыққан жеңімпаздар дәріс өткізді. Олардың ішінде «Kyzylorda-news.kz» порталының бас редакторы Нұрсұлтан Мықтыбаев репортаж жазудағы басты 7 қадаммен таныстырып, тәжірбиесімен бөлісті.
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Гульбаршын Сабаева сұхбат жанрының аса жауапкершілік пен батылдықты талап ететіндігін атап айтты.
«Үздік газет номинациясы» бойынша «Үркер сыйлығын» иеленген Жамбыл облыстық, 100 жылдық тарихы бар «Aq Jol» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт газет өмірін түсінікті жеткізді. БАҚ-тағы ерекше дауыс пен мінсіз детальды талап ететін әуе толқыны.
Өңірлік радио болғандығына қарамастан, конвергентті журналисткамен айналысатын 101.2FM жиілігінде тарайтын «Atyray» радиосы «Үздік радио» номинациясын жеңіп алды. Радионың ағаредакторы Слухия Қаттарқызы радионың ішкі тынысымен таныстырды.
«Strategy 2050.kz» порталының бас редакторы Қайрат Жандыбаев заман талабына сай пайда болған «лонгрид» ұғымымен таныстырып, тәжірбие жүзінде өтімділігін көрсетті.
Сәукетаев Тұрыспек, Қайнар Олжай секілді журналистиканың қаймақтары, жас журналистерге ақылын айтып, сәттілік тіледі.
Қайнар Олжай ағамыздың мына сөзі көптің құлағында қалғаны анық: «Өзіңді бағалау үшін, өзгелердің еңбегімен танысу керек, Ылғи ізденіс үстінде жүру журналистің парызы».
Келесі сөз тізгінін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, журналистика факультенің деканы Сағатбек Медеубекұлы жалғады. Айтулы шараға студенттер мен оқытушылар, журналистиканы арман еткен жас тілшілілер де қатысты. Солардың арасында Қ. Сәтбаев атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Ауғали Мерей де бар.
Қазіргі таңда аудандық «Баянтау» газеті, балалар мен жасөспірімдердің республикалық газеті «Ұлан» және «Ақ желкен» журналының жас тілшісі болып, қаламын шыңдауда. Талапкердің білімге қызығушылығы мен мамандығын сүюі мына сөздерінен-ақ байқалып тұр: «Журналистикаға қатысты іс-шараларға жиі қатысамын. Дәл осы шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Ұстаздар мен ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін».
Конференция соңында Қайрат Сақ: «Барлығымыздың илеген тонымыз бір. Біз, журналистер, бірге болуымыз керек. Аман болайық, жақсы күнде жолығайық» деп сөзін тәмәмдады.
Пайдалы ақпарат алып, журналистиканың бағалы тәжірбие жинақтауымызға септігін тигізген университетіме, деканымыз Сағатбек Медеубекұлына, "Үркер зертханасына" және асылдың сынықтары секілді дәріскерлер мен бағыт сілтеген ұстаздарыма алғысымды айтамын. Ал журналистика мамандығын таңдаған әр талапкерге сәттілік тілеп, үміт сиыйайтын ҚазҰУға шақырамын.