Bugin

Жапония жалғыз бастыларды табу үшін санақ жүргізбек

Арнайы орган айналысады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жапония билігі күн тәртібіне ерекше міндет қойды. Ол – елде санақ жүргізіп, жалғыз басты жандарды табу. Табу арқылы, оларға көмектесу. Жалғыздық мәселесімен білдей бір министрлік айналысады. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жапония Аймақтық даму министрлігінің басшысы Тэцуси Сакамотоның айтуынша, халық санағымен айналысатын 10 мың адам дайын тұр.

"Осы аптада үкімет канцеляриясы аталмыш мәселе бойынша арнайы бөлім құрады", - дейді Сакамото.

Жапон үкіметінің айтуынша, жалғыз қалған жандардың көбі суицидке жиі баратын көрінеді. 2020 жылы 21 мың адам өз-өзіне қол салған. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен бірдей.

 Сондықтан жаңадан құрылған бөлім суицидке бейім жандарды анықтап, солармен жұмыс жүргізбек.

Бұған дейін жапон үкіметі жалғыздық мәселесімен айналысатын арнайы министрлік құратынын мәлімдеген. Мемлекеттік хатшы Кацунобу Катоның айтуынша, елде суицидтің көбеюіне бір жағынан пандемия да әсер етсе керек.