Bugin

Ағылшын тілін түсінуге көмектесетін тегін сайттар

Ағылшын тілін үйренгенде сөйлеу мен жазу секілді, тыңдап үйренудің, listening-нің маңызы өте зор. Сол арқылы сіз сөйлеп тұрған адамды бірден түсініп, пікір алмаса аласыз. Сіздерге тыңдау дағдысын жақсартып, ағылшын тілін түсінуге көмек беретін тегін сайттардың тізімін ұсынбақшымыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

                                                                          esl-lab.com

   Cайтта ересектердің, жасөспірімдер мен балалардың әр түрлі тақырыпта диалогтарын тыңдай аласыз. Сабақтар Easy, Intermediate, Difficult деп аталатын үш деңгейге бөлінген. Әр тақырыпқа байланысты идиомалар мен сөздіктер, аудиожазба беріледі. Аудио мүлдем түсініксіз болса, мәтінмен бірге тыңдауға болады. Жазбаны тыңдап болғаннан кейін, тест сұрақтарына жауап беріп, біліміңізді тексере аласыз.  Сайтта тыңдалымға байланысты бұдан өзге жаттығулар мен қосымша ресурстар бар.

                                                                       bbc.co.uk

 Сайттағы 6 минуттық британдық акценттегі подкасттарды тыңдау арқылы ағылшын тілін түсініп үйренесіз. Подкастта дикторлар белгілі бір тақырып бойынша пікірін бөліседі. Сондай-ақ, ағылшын лексикасы мен идиомаларын да түсіндіреді.  Аудиожазбаларды сайттан тыңдауға да, мәтінмен бірге жүктеп алуға да болады.

                                                         learningenglish.voanews.com

 Сайтта тыңдалым мен сөйлеуге арналған әртүрлі сабақ бар. Бір сабақтың өзінде бірнеше видеоны қарап шығуға болады. Диктордың соңынан сөздерді қайталау арқылы американың акцентімен сөйлеуді үйренесіз. Сөздік қорыңыз көбейеді. Сондай-ақ, әр сабақ соңында интерактивті тапсырмалар беріледі.  Сайттың ағылшын тілін тыңдау мен сөйлеуді жақсартуға арналған қызықты видеосабақтары сізге ұнары анық.

                                                                          fenglish.ru

  Сайтты аша қалсаңыз, ағылшын тілін меңгеруге арналған пайдалы материалдар алдыңызға шыға келеді. Сайттың ерекшелігі ағылшынша түсініп, сөйлеуді үйренумен бірге, грамматикаға байланысты тесттерді орындайсыз. Субтитрмен фильмдерді, сериалдарды көруге болады. Сабақтарды ерінбей қарап, практикада қолдансаңыз, ағылшын тілінде бір айдың көлемінде сөйлеп үйренуге болады. Ең бастысы, сайттағы барлық материалдар тегін.