Bugin

Жаңа ханшайым: Мирзиёевтің қызы Гүлнәр Кәрімованың орнын басуда

Үш баланың анасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида Мирзиёева елдің ең беделді, халыққа танымал тұлғасына айналды. Бұл жайлы Азаттықтың Өзбекстандағы бөлімі хабарлайды.

Өзбек басылымдары қазіргі президенттің қызын бұрынғы диктатор Ислам Кәрімовтің қызы Гүлнәр Кәрімовамен салыстырып, одан асып түскенін жазуда.

Үш баланың анасы, 36 жастағы Саида Мирзиёева қазір ресми кездесу мен отырыстарды жиі төбе көрсететін болған. Шетелдік іссапарларға жиі шығады. Ел ішінде де көп аралайтын көрінеді. Президент Мирзиёевтің жақтастарымен, кландас топ мүшелерімен қайырымдылық және мәдени шараларға қатысады.

Кәрімованың айырмашылығы біреу ғана: ол – Мирзиёеваның кәсіппен тіке айналыспайды. Кәрімоваға ұқсап мемлекеттің табысты кәсіпорындарын басып алған жоқ. Дариға Назарбаева сияқты билікке, мемлекеттік құрылымға да келмеген. Көбінесе, өзінің имиджі үшін сән-салтанат пен ақсүйек өмірді көрсетудің белгісіне айналды.

Бірақ оның күйеуі – Ойбек Тұрсынов кәсіппен айналысады. Банк және инвестициялық операцияларды жүзеге асырады. Ол мұндай табыс көзін 2016 жылы, яғни, қайын атасы билікке келгеннен кейін бастаған. Тұрсынов қайын атасымен біріге президент әкімшілігінде қызметте істейді.

Ал Саида Мирзиёева көпшілік тұлғаға айналып, ел алдында көп жүретін әйелдердің бірі болды. Көбінесе, БАҚ пен ел алдындағы имиджі – журналисттер мен әйелдердің құқығын қорғаушы ретінде бет-бейне қалыптастыруда.

Айта кеткен жөн, Гүлнәр Кәрімова әкесі президент Кәрімов өмірден өткеннен кейін мемлекет қаржысын талан-таражға түсірді, қомақты көлемде пара алды деген айыппен қудаланған еді. Қазір сот процестері әлі жалғасуда. Ал Кәрімованың өзі қамауда жатыр, 13 жылға сотталған. Оған Telia компаниясынан Өзбекстанның телекоммуникация нарығына кіруге көмектесу үшін 360 млн доллар пара алды деген айып тағылды. 2019 жылы Стокгольм соты Кәрімованы ақтағанымен деп тауып, швед прокуратурасы қайта апелляциялық талапарыз берді. Іс енді АҚШ-та қаралуы мүмкін.