Bugin
Еңбегі сіңген жан
2021 жылы наурызда Алматының Қабанбай батыр мен Шоқан Уәлиханов көшелерінің қиылысында публицист, аудармашы Герольд Бельгердің ескерткіші қойылмақ. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Forbes.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Герольд Карлұлы қазақ халқының сүйіспеншілігіне бөлінген абыройлы жан", - дейді жобаны қаржыландырушы кәсіпкер Нұрлан Смағұлов.
Нұрлан Смағұловтың қоры Алматы қаласының мәдениет және өнер, спорт саласында 1 млрд теңгеге қомақты қаржы бөлген екен. Қордың иесінің айтуынша, бұл қаржыға қаржыландырылатын жобалардың арасында жеті атақты адамның мүсінін орнату жоспарланған. Солардың бірі – режиссер Шәкен Айманов пен сурет шебері Сергей Калмыков.
Ал Герольд Бельгердің мүсінін жасайтын – мүсінші Нұрлан Далбай.