Қазақстан жаңалықтары

Сиырды кранмен шатырға көтерген Нұрсұлтандықтардың мақсаты не?

Нұр-Сұлтанда тірі сиырды кранмен үй төбесіне көтерген видео желіні шулатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан қаласында жұмысшылардың тірі сиырды үй шатырына көтермек болған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп, Instagram желісіне жариялады.

Желі қолданушыларының көбі бұл жайтты "сиырды соймақ болды" деп тұжырымдаса,кейбірі “бұлай тек жабайы адамдар істей алады” деген пікір білдірді.

Бұл істі тергеуге алған елорда полиция басқармасы "Аталған іс бойынша тергеу жүргізілуде. Тәртіп бұзушылар жауапқа тартылады" деді.

Алайда сиырға қатысты оқиға үшін жауапты адам болған жайт үшін кешірім сұрады.

"Менің есімім Олжас. Мен осы оқиға орын алған құрылыс басшысымын. Жаман ойымыз болған жоқ. Бұл жағдайы төмен отбасыларға арналған құрбандық еді. Тағы да кешірім сұраймын", - деді ол.