Спорт
Таңғы жаттығулардың адам өміріне пайдасының маңызын білеміз. Алайда оны күнделікті жасай алмайтынымыз да бар. Осы орайда назарларыңызға бірнеше лайфхак ұсынамыз
1) Ерте ояну. Жәй ғана өзгелерден екі үш сағатқа ерте оянсаңыз, өзгесі жасай алмаған, күнделікті уақыты жетпеген дүниелерді сіз жасай алатын боласыз. Бұл тақырыпта түрлі тренинг сабақтарын көзіңізді жұмып таба аласыз.
2) Ниет. Жаттығу жасауға деген ниетіңізді дұрыс қалыптастырып алыңыз және тек сыртқы келбетіңіздің негізгі кепілі мықты денсаулық екенін ұмытпаңыз.
3) Су. Жаттығу жасамас бұрын міндетті түрде су ішіп алыңыз. Суыңызды қайнатып әуре болмаңыз. Өйткені нағыз витаминдер қайнамаған суда болады. Күнделікті су ішуді жалғастырсаңыз, ағзаңыз тазарып, келбетіңізге көрік кіреді.
4) Көңілді әуен. Жаныңызды жадыратар көңілді әуен қосып алыңыз. Жаттығу барысында қиындық туындап, біраз күшіңізді қажет етіп жатса, жаныңызда ойнап тұрған ән сол процестің жеңіл әрі тез өтіп, артынан тіпті шаршауды ұмыттырып жіберуі де ғажап емес.
5) Жарты сағаттан соң... Жасаған жаттығуыңыздың уақыты әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ жаттығудан кейінгі сәтке аса мән беріңіз. Кемінде жарты сағаттан соң таңғы асқа отыруға болады.Оның арасында салқын душ қабылдап алсаңыз да артық етпейді.
Мамандардың зерттеуінше, таңда аш қарынға жасалған жаттығулар адамға энергия беріп, төзімділігінің артуы анықталды.Дене бұлшық еттерінің жұмыс жасауын күшейтіп, қан айналымын жақсартады. Сондай-ақ, артық салмақтан арылудың ең тиімді жолы осы екені бәріне мәлім. Таңым берекелі, күнім өнімді өтсін десеңіз, жоғарыда айтылғандардың бәрін дәл бүгіннен бастаңыз!