Bugin
Қазаққа керек Camry
Қазақстандық автокөлік өндірушілер үкіметтен азаматтарыдың зейнетақы жарнасына көлік сатып алуына рұқсат етуін сұрауда. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Lsm.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан автобизнес қауымдастығы индустрия және инфрақұрылым министрлігіне өтініш жасап, азаматтардың зейнетақы жинағынан шешіп алған қаржысына көлік сатып алуға рұқсат етуін сұрады. Өз кезегінде, аталмыш министрлік ұсынысты Ұлттық экономика министрлігіне жолдады.
"Зейнетақы жарнасын пәтер алумен бірге жаңа көлік алуға да жұмсауды өтіндік. Пәтер де, көлік те елге қажет. Көлік құрастырушы және автокомпаниялар да бұл бастамаға мүдделі", - деп Astana Motors басшысы Нұрлан Смағұлов.
Айта кеткен жөн, Қазақстан үкіметі азаматтарға зейнетақысының бір бөлігін шешіп алуға рұқсат берген еді. Зейнетақысын азаматтар пәтер сатып алуға, емге жұмсауына болады.