Әлем жаңалықтары
Ірі бес нарық бойынша (Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия және Испания) Bloomberg басылымы зерттеу жүргізді
Еуропада көлік бағасы 2021 жылдың қаңтарында 28 пайызға төмендеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Сарапшылардың айтуынша, ақпан айында көлік бағасы 10 пайызға төмендейді. Себебі карантиндік шаралардың салдарынан елдер чип микросхемалардың тапшылығына тап болады. Еуропалық автоөндірушілер қауымдастығының (ACEA) мәліметінше, 2020 жылы көлік сатылымы 18,9 пайызға төмендеді.
«Автомобиль индустриясы чиптердің тапшылығына тап болды. Өйткені пандемияға байланысты тұрмыстық электроникаға сұраныс күрт өсті. Ал автоөндірушілерде жеткізумен қиындықтар туындады. Жағдай мәз емес» дейді сарапшылар.
Қаңтарда Honda зауытта төрт мыңға жуық көлік шығарылымын төмендетті. Ал General Motors.Со Тайвань үкіметінен микросхемаларды жеткізу үшін көмек сұрады.