Қазақстан жаңалықтары

Букмекерлік кеңсенің мүлкі тәркіленді

3,6 миллиард теңге, 4 ұшақ пен 3 автокөлік тәркіленді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"OLIMPKZ" букмекерлік кеңсесі" ЖШС-на қатысты сот ісі аяқталды. Сот актісі бойынша  3,6 миллиард теңге, 4 ұшақ пен 3 автокөлік тәркіленіп, мемлекеттік бюджетке өткізілді. 

16 ақпанда Алматы қаласының Алмалы аудандық соты қалалық прокуратураның халықаралық іздестіруге жариялаған букмекерлік қызмет түрімен заңсыз ойын бизнесі, ақша қаражатын шығару және бюджетке салық төлеуден жалтару жөніндегі қылмыстық схеманы ұйымдастырған «OLIMPKZ» букмекерлік кеңсесі» ЖШС басшыларына қатысты үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы өтінішхатын қанағаттандырды. Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Сот жүргізу барысында қылмыстық топтың мүлікті заңсыз, қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді.

Айта кеткен жөн, ссыдан 2 жыл бұрын 2019 жылдың желтоқсанында ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, «Олимп» букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған еді. Енді міне, сот процесі аяқталып, заңсыз іспен айналысқан ұйымның мүлкі тәркіленіп алынды.