Спорт

Чемпиондар лигасы: "Барселона" өз алаңында ұтылды

Кеше түнде көптен күткен Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчтары өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Барселона" өз алаңында Париждің ПСЖ клубымен кездесіп, ірі есеппен ойсырай жеңілді. "Камп Ноу" стадионында өткен тартысты матчта есепті "Барселона" капитаны, әлемнің танымал футболшысы Лионель Месси 27-минутта ашты. Аргентиналық ойыншы он бір метрлік айып добынан мүлт кеткен жоқ.

Араға бес минут салып ойындағы есепті ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе теңестіріп кетті. Қос команда өкілдері қанша шабуылдаса да бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның екінші жартысында Килиан Мбаппе командасын алға шығарды. 22 жастағы сұрмерген "Барселона" қақпашысы Тер Штегеннен 65-минутта айласын асырса, араға бес минут салып матчтағы есепті Мойзе Кин еселей түсті. 

Матчтың негізгі уақытының аяқталуына бес минут қалғанда командаласы Юлиан Дракслердің пасын ұтымды пайдаланған Килиан Мбаппе хет-трик жасады. 

Осылайша, ойын 1:4 есебімен аяқталды.
Қос команда арасындағы қарымта ойын Франция астанасындағы "Парк де Пренс" стадионында өтеді.