Әлем жаңалықтары

Мысырда бала тууға шектеу қойылуы мүмкін

Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси ел тұрғындарын бала тууға шектеуге шақырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президенттің айтуынша, егерде елде қазіргідей өсім жалғасатын болса, халық саны бір жылда 2 миллон адамға көбеюі мүмкін.

Бұл халық тұрмысына кері әсер бермек. Ал 2052 жылға дейін Египет халқының саны 193 миллионға жетеді деп есептелген екен.

"Мысыр халқының саны жыл сайын 400 мың адамға көбейгені жеткілікті", - дейді ас-Сиси. 

Десе де, Египет билігі бұл мәселені белгілі бір қатаң заңмен енгізіп реттеуге ниетті емес.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылығы санақ бойынша Мысыр халқының саны 94 миллионнан асса, бүгінде халық саны 100 миллионның арғы жағына шықты.