Спорт

Қанат Ислам келесі жекпе-жекке қашан шығады?

Гана азаматымен бокстасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Боксшы Қанат Исламның (27-0-1, 21 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы Boxingscene.com-ке сілтеме жасап. 

Спорт порталының мәліметінше, Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 20 ақпанда Майамиде (Флорида штаты) өткізеді. 10 раундтық кездесуде ол ганалық Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасады. Боксшының қарсыласы туралы әзірше мәлімет жоқ.

Ислам 2019 жылдың қазанынан бері рингке шыққан жоқ. Кейінгі жекпе-жегінде намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңіп, орта салмақта WBO International титулын иеленген еді. 

Ал Ободаи Саи 2019 жылы 9 тамызда соңғы рет рингке шығып, конголық Мардочи Катембомен тең тарқасқан. Қанат Ислам "маған атағы жоқ қарсыластар қызық емес" деген сөзі бар еді. Отандасымызды бірге қолдайық. 

Айта кетейік, Отандық боксшы 2020 жылдың қазан айында жекпе-жегі болу керек еді, бірақ жұдырықтасатын қарсылас табылмады.