Саясат
Жириновскийға Путиннің жауабы
Ресей басшысы Парламент мүшелерімен кездесу барысында Ресейдің көпұлтты және көп дінді мемлекет екенін айтты.
«Әрбір этнос өкілі бұл жерді өзінің отаны деп сезінуі тиіс, оның басқа отаны жоқ. Ол бұл жерде қорғалған және осы жер үшін өз өмірін қиятындай сезімде болуы тиіс. «Ресей тек орыстар үшін» деген жабайы национализм Ресейге кері әсерін тигізіп, іштей шайқалуға себеп болады. Біз оған жол бермейміз. Бізде тұратын әр ұлттың тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі құрметтеліп, өркендеуіне жағдай жасауымыз керек» деді Путин.
Бұл Владимир Жириновскийдің «Ресей тек қана орыстарға тиесілі» деген сөзіне жауап ретінде айтылды.