Денсаулық
Ол үшін 6 ережені дұрыс ұстансаңыз болды
Регенеративті медицина саласындағы сарапшы, дәрігер Әмір Хан қалай ұзақ өмір сүруге болатынымен бөлісті. Ол үшін тамақтанудың алты ережесін дұрыс ұстану керек екен. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Оның айтуынша, ең алдымен біз жеп жүрген ет пен балықтың сапасына назар аудару қажет. Маман көбіне шаруашылық фермаларында шығатын өнімдерді қолдануды ұсынды. Өйткені оған консерванттар мен басқа да зиянды заттар қосылмайды.
“Екіншіден, қант мөлшері жоғары тағамдарды қолдануды барынша азайту керек. Оларды кейбір жемістер мен көкөністермен алмастырған дұрыс. Осы өнімдерді қолдануды азайтсақ, өмір сүру ұзақтығын оңай арттыруға болады” деп атап өтті Хан.
Сонымен қатар, диета ұстайтын болсаңыз, тағамға кальций мен магний қосуға кеңес берді.
"Кальций қатерлі ісіктен, қант диабетінен және жүрек ауруларынан қорғайды, сонымен қатар қан қысымын төмендетеді. Ал магний кальцийдің сіңуі үшін қажет. Сондықтан екеуін де көбірек тұтыну керек” деп түсіндірді дәрігер.
Тамақ жасайтын кезде дәмдеуіштерге де мұқият қараңыз. Ең қызығы, қоспалар денсаулыққа пайдалы екен. Бірақ маман тұзды шегінен артық қолданбауға шақырды. Артық қылам деп, тыртық қылсаңыз ағзаңызға кері әсер етуі мүмкін.