Денсаулық
Төмендегі 3 нәрсені уақытылы жасап жүрсеңіз болды
Қоршаған әлем туралы ақпараттың 90%-ға жуығын көз арқылы қабылдаймыз. Бірақ қазіргі таңда әрбір екінші адамның көзімен, көру қабілетімен мәселесі бар. Оған себеп те көп. Технология мен гаджеттердің дамыған заманында жұмыс жасап жатырғанымыздың өзі де үлкен әсер етеді. Сол үшін Bugin.kz тілшісі төмендегі 3 кеңеске жүгініп, көзіңізді аман сақтап қалуды ұсынады.
Жаттығу жасау
Көзге арналған қарапайым күнделікті жаттығуларды жасау арқылы көру қабілетіңізді сақтап қалуға болады. Бастысы – күніне 2-3 мезгіл ұмытпай жасап тұру. Оны жұмыс орнында отырып та жасай беруге болады. Бірақ шегінен тыс көп жасап қоймаңыз. Көзіңізге зақым келтіріп алуыңыз мүмкін.
Тағам мөлшерін азайту
Ескерту! Көру қабілетіңізді бір сәтте жақсартатын тағам жоқ. Дегенмен тамақтану салтын өзгертіп, қауіптің алдын алу оған қарағанда оңайырақ. Ол үшін көбіне жеміс-жидек, көкөніс, балық, сүт өнімдерін жиі тұтынған абзал. Ал кофе, спиртті ішімдіктер, тұз, тәтті және майлы тағамдарды аз тұтыну немесе мүлде тұтынбай-ақ қойғаныңыз абзал.
Маманның көмегіне жүгіну
Ең бастысы – тұрақты түрде көзді тексертіп тұру. Бұл жағдайда офтальмолог (көз дәрігері) көмек көрсетеді. Маманның кеңесімен өзіңізге қажет нұсқаулық аласыз. Сол арқылы көздің қазіргі қалпын сақтап немесе одан әрі жақсартасыз.