Қазақстан жаңалықтары

Тоқаев сөз бостандығы туралы пікір білдірді

Халық наразылық өткізуге құқылы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халықтың бейбіт жиындарды өткізуге толық құқығы бар деді. Мұны ол Бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңес өткізгенде айтты. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Adyrna.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Былтырдан бастап Қазақстанда бейбіт жиындар өткізу туралы заң өз күшіне енді. Егер бұрын қолданыста болған заңда рұқсат алу процедурасы болса, жаңа заңда митинг өткізу туралы хабарласа жеткілікті", - дейді Тоқаев.

Сонымен қатар, қаланың ішінде бейбіт жиындарға, оның ішінде, наразылық акцияларын өткізуге арнайы орындар белгіленген. 

"Бұл біздің қоғамды демократияландыру жолындағы өте маңызды қадам. Бұл саясатты біздің қоғамда ғана емес, шетелдіктерге де түсіндіруіміз қерек. Жиын өткізгісі келетіндер жаңа заңға бағынуға міндетті. Азаматтардың билікке қатысты өз ойын білдіру, сыни пікір айту құқынан ешкім айыра алмайды. Бұл олардың конституциялық құқығы және ол қатаң түрде заң аясында орындалуы керек", - деп түсіндірді Тоқаев.