Спорт

Месси мен Роналдуға қоя тұр дейміз-ау, расында?

Мбаппе, Фати секілді қырағы ойыншылардың кезеңі келді-ау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

     Қазақстандық футбол сүйер қауымның чемпиондар лигасын тамашалаған екінші түні. Алғашқы күні топ ойынның бірі каталондық "Барселона" мен париждік "ПСЖ" клубтары арасындағы қызықты ойынға қанық болды. Кезінде кэмбекпен есе жіберген париждік клуб бұл жолы 1-4 есебімен алға шықты. Ойында жаңа кезеңнің жұлдызы болып үлгерген Килианн Мбаппе хет-трик авторы атанып, командасын алға сүйреп шықты. Сонымен қатар, ойынның үздік ойыншысы болды.

  Португалиядағы "Порту" мен "Ювентус" арасындағы ойын да қызықты сәттерімен есте қалды. Ойынның бірінші минутында-ақ есеп ашқан "Порту" командасы жеңісті өз еншілеріне сақтап қалды. Итальяндық клубтың сұр мергені Кристиану Роналду бұл ойында көзге түсе алмады. Нәтиже 2-1. Португалиялық клуб жеңіс жетті.

      Аты аңызға айналған Месси мен Роналдудың заманы да өткендей. Алаңдағы ойындары көңіл қуантпайды. Бірі жүгірмей жеккөрінішті болса, екіншісі пас беретін «партнерін» таппай әлек. Жасындай жарқылдаған бұрынғы Месси мен Роналду деймісіңдер? Ендігі жұлдыздар, Мбаппе, Фати секілді алаңда қазіргі уақытта қырағы ойыншылардың кезеңі келді-ау деп топшылауға болады. Соған қарап, Месси мен Роналдуға қоя тұр дейміз-ау, расында?!