Қазақстан жаңалықтары

Өрттен тағы бір сәби өлім құшты

Қызылорда қаласында жеке үй өртеніп, бір жастағы сәби көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылорда қаласында жеке үй өртеніп, бір жастағы сәби көз жұмды. Оқиға бүгін, 18 ақпанда сағат 00:50 шамасында болды. Бұл жайлы облыстық ТЖД хабарлады.

Облыс орталығындағы Кызылжара шағын ауданы аумағында тұрғын үйде өрт шыққан.

"Өрт орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 4 техникамен 16 қызметкер барды. Жалынға оранған үй ішінен әйел мен төрт қызы шығып үлгерген. Жалын 01:23-те толығымен сөндірілді. Үйден 2019 жылы дүниеге келген шарананың мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.