Bugin
23 жастағы Санжар Тайжан Англиядағы "University of Workwick" университетінің "машина құрылысы" мамандығын тәмәмдаған. Ол 2020 жылдың қыркүйек айында басталған турнирге өзі секілді 30-ға тарта студенттің басын құрап,"The Warwick Boring" деген атау береді. Байқауға өз жобаларын жіберген олар 2 кезеңнен өтті. Енді 2021 жылдың 11 ақпанында финалға өткендігі жайлы хабар алды. Санжар командасымен аптасына 80 сағат жұмыс істеудің арқасында финалға өткендігін баса айтты. Командасы вакуумдық пайызға және электр вагондарына тоннельдерді тез және тиімді түрде салатын "The Boring Machine" прототипін жасап шығарған. Жеңімпаздар жазда Илон Масктің өзімен кездесуге мүмкіндік алады.
Санжар болашақта елге қайта оралып, еліміздің машина индустриясын дамытпақшы. Ауаға еш зияны тимейтін, батерея арқылы жұмыс істейтін машиналарды жасап шығарғысы келеді.