Bugin
Энергия жетпеуі мүмкін
Қазақстанда Атом станциясын салуға рұқсат берілген жоқ. Мәселе әлі қаралуда. Мұны ҚР Энергитика министрлігі ресми жауап берді. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Министрліктің мәлімдеуінше, Қазақстанда Атом станциясын салу туралы әлі нақты шешім жоқ. Әзірше АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Қытай мен Ресейдің реакторлық технологиялары зерттеліп жатыр.
Энергетика министрлігі елдің қуат көзіне деген сұранысы мен қажетін жыл сайын сараптап отырады. Жаңа сараптамаларға қарағанда, алдағы уақытта Қазақстанда энергия жетіспеуі мүмкін көрінеді. Атом станциясын салу жайлы ой да осыдан туған. Алайда оны салу туралы әлі толық шешім жоқ. Министрлік мамандары түрлі елдің технологияларын зерттеп, тиімдісін таңдамақ.
Ведомства атап өткендей, Атом станциясын салу туралы шешім шығарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "құлақ түруші үкімет" тұжырымына сәйкес, халықтың ойы ескерілетін болады.
Айта кеткен жөн, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Атом бекетін салу мәселесі бірнеше рет айтылған. Ең алғаш рет 1997 жылы айтылды. Ол кезде Алматы облысының Үлкен ауылы маңында салынады деген еді. Алайда мәселе ол уақытта да шешілмей қалды.
Екінші рет 2000 жылдары айтылған еді. Ақтауда салынады делінгенмен, шешім шықпады сол беті. Ал 2016 жылы қазақстан үкіметі қуат көзі 7 жылға дейін жетеді, АЭС қажет емес деп оны салудан бас тартты.
Ал 2019 жылы РФ президені В.Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ресей технологиясы арқылы АЭС салайық деп ұсыныс жасады. Ертеңінде Энергетика министрлігі станция Үлкен ауылында салынады деп мәлімдеді.
Бұл жаңалық елді дүр сілкіндірді. Наразылық күшейгендіктен, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың ойымен "санасып барып" станцияның біра-ақ салынатынын айтты.
Міне, 2021 жылы 10 ақпанда Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейдің "Росатом" корпорациясы қазақ жерінде атом станциясын салуға әзір екенін жеткізген. Алайда бұл да халықтың наразылығына тап болды.