Bugin

Инстаграммен қалай табыс табамыз?

Инстаграмда кез келген адам ақша таба алады. Тек көзін тапса болғаны

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Инстаграмда өзінің немесе өзгенің парақшасын жүргізу арқылы табысты ұлғайтуға болады. Алайда бұл табысты болудың жалғыз жолы емес.

Инстаграмда табысты болу оқырманның санына байланысты емес, сапа маңызды. Кішігірім аудиторияңыз болса да оқырмандарыңыз белсенді болса жетеді. Инстаграммен табысты болғыңыз келсе. Есіңізде болсын. Оқырманды қолдан жинамаңыз. Себебі олар белсенді болмайды. Ақшаңыз желге ұшады. Сізге тек уақыт керек. Көп адам бірден нәтижеге жеткісі келеді. Енді дамып жатқан сала болғандықтан бірге даму маңызды. 

SMM (ғаламтордағы жарнама) үйренуді қолға алыңыз. Ол сіздің парақшаңызды өздігінен дамытуға мүмкіндік береді. Бұл саланы игеру үшін салалық әдебиеттер, курстар мен онлайн мектептерде оқуға болады.

Егер сіз өз аккаунтыңыздың алға жылжығанын қаласаңыз. Пайдалы посттар жазуды әдетке айналдырыңыз. Оған қоса сторизда белсенді, болып өз өміріңіздегі қызықтарымен бөлісе отырыңыз. Қызықты видеолар салып, түрлі әдебиеттерді оқуға болатынын айтып ұсыныс жасаңыз.

Сізде қазір мынандай сұрақ туындайды: Мен көп кітап оқымаймын ғой не айтам? Немесе қызықты видео қалай жасаймын? Сторизға өзімді түсіруге ұяламын? Қалай болады екен ол?

Міне, бір басыңызда сансыз сұрақ. Ал ендеше сіздің сұрақтарыңызға жауап беріп көрейін.

Міндетті түрде кітаптар туралы жазу міндетті емес. Сіз бос кезіңізде немен айналысасыз?

Сол туралы жазып пайдалы тұстары мен бөліңіз. Тамақ пісіргенді ұнатсаңыз ерекше тағамдардың рецептілерін жазыңыз.

Қызықты видео жасау үшін өзіңіз көшеге шыққан да, құры жүрмей видео түсіріп жүріңіз. Немесе үй жинағаныңызды, тамақ жасағаныңызды түсіріп алсаңыз пайдасы зор. Монтаж жасайсыз дайын болады.

Қалай монтаж жасаймын?

Бастамасын Inshot қолданбасы мен бастасаңыз болады. Өңдеп, артына музыка қойып салып қоясыз.

Сториз түсіруге кімнен ұяласыз? Туысқандардан ба? Онда оларды сторизді көре алмайтын етіп тастаңыз. Инстаграмның өзіне түрімізді әдемі көрсететін неше түрлі маскалар бар. Соны пайдаланып  еркін сөйлеп үйрене беріңіз.

Білесіз бе? Қазіргі таңда инстаграммен жұмыс жасайтын мамандар зор сұранысқа ие. Күнделікті пост жазып отыру, сториз түсіру қарапайым дүние болғанымен ірі компанияларға дәл сондай маман керек. 

Жай ғана инстаграммен жұмыс жасайтын. Жоғарыда айтып өткен SMM маманы елімізде сұранысқа ие.

Бір Алматының өзінде  соңғы айда 398 вакансия ашылған. Айлығы 140 000 теңгеден жоғары. Ірі компаниялар сізге  одан да көп төлеуге де дайын. 

Есіңізде болсын инстаграм жай ғана әлеуметтік желі емес,нағыз бизнес алаңы. Бізге тек ыңғайын тауып меңгеру керек.