Қоғам
Бұл сұраққа Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы жауап берді
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте студенттер толығымен қашан дәстүрлі форматқа ауысатынын айтты, деп хабарлады bugin.kz платформасы.
– Дәстүрлі форматқа көшу туралы денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан тиісті шешімді қабылдайды. Ең бастысы бұл мәселе елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты. Егер де тиісті органнан рұқсат болса қуана ЖОО-ның студенттері мен мұғалімдері дәстүрлі форматқа көшеді, – деп жауап берді комитет төрайымы.