Денсаулық

13 жылдық зерттеудің нәтижесі шықты

Ұзақ өмір сүрудің құпиясын аштық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Күнделікті жаяу серуендеудің өзі адам өмірін ұзартады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы British Medical Journal-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеуші мамандар 13 жыл бойы 40 пен 79 жас аралығындағы адамдардың өмір сүру салтын бақылаған. Соның нәтижесінде күніне кемінде 1 сағат жаяу жүретін адамның ұзақ өмір сүретіндігі анықталған. Одан бөлек жаяу жүргіншіл дәрігерге аз барады. Дерек бойынша, белсенді өмір салтын ұстанатын ер адамдар 7,6 пайызға, ал әйелдер 2,7 пайызға қаражатын үнемдейді.

Ғалымдар минутына ең аз дегенде 100 қадам жасап, тез-тез жүруге кеңес береді. Егер сіз күнделікті өмірде белсенді болсаңыз, артық салмағыңыздың барлығына қарамастан ұзақ өмір сүресіз.