Қоғам

Зейнетақы қаржысын қандай емге жұмсай аласыз?

Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтерді көрсеттік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әділет министрлігі зейнетақы қорындағы емделуге берілетін біржолғы төлемдерді пайдалану туралы бұйрықты тіркеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіліп, жақын арада жарияланатын болады. Бұл арқылы тегін медициналық көмек және медициналық қызметтерді қосымша алуға мүміндік бар.

Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізбесіне:

- орфандық ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, емдеу, сондай-ақ емдеу тактикасын айқындау үшін диагностикалық зерттеулер;

- Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация)

- операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық)

- радионуклидтік және радиойодтерапия

- радиохирургиялық емдеу

- протон терапиясы

- офтальмологиялық қызметтер.

Медициналық қызметтердің осы тізбесі халықтың қажеттілігін ескере отырып қайта қаралуы мүмкін.