Bugin

Бір күнде "Нұр Отанға" бюджеттен қанша қаржы бөлінеді?

Саяси партияны халық ақшасымен асырау - ақымақтық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Саясаттанушы Санжар Боқаевтың жазуынша, "Нұр Отанның" бір күндік бюджеті – 18 млн теңге немесе екі бөлмелі бір пәтер екен. Ал 1,5 айда партия халық қалтасынан 1 млрд теңге алған.

Саясаттанушының айтуынша, саяси партияны республикалық бюджет есебінен асырау – құр шығын.

"Жалықпай, ерінбай, қазақстан халқы көрсін деп, бағдарламашыларды жалдап, арнайы есепшот-сайт аштым. Паразит атты сайттан әрбір партияның әрбір секунд, минут сайын халық қалтасынан қанша қаржы алып жатқанын көре аласыз", - деп жазады Боқаев.

Мәселен, билік партиясы "Нұр Отан" партиясы бір күнде бюджеттен 1,8 млн теңге алады екен. Түсінген адамға, бұл деген – екі бөлмелі бір пәтердің бағасы.

Ал қолжаулық партия – "Ақ жол" болса, күніне 2,8 млн теңге немесе айына 84 млн теңге бюджет қаржысын қалтаға басуда.

"Партия бизнеске айналып кеткендей. Елде бұлай табыс табатын қандай бизнес бар? Ең басты сұрақ – ал бұдан нәтиже қане? Сондықтан мен партиядан ашық болуды талап етемін. Әрбір азамат мұны талап ете алады! Қаржыны қайда жұмсап жатыр бұлар", - деп жазады саясаттанушы.

Жылдың соңына дейін есепшоттың тілі 9 млрд теңгеге жетпек.

"Қазақстан әскерін тамақтандыруға да бір жылда осынша қаржы кетеді. Әскерді тамақтандыру керек! Олар шекара мен елді қорғайды. Ал партиялар ше? Оларға мұнша қаржы не үшін керек? Менің ойымша, саяси партияны халықтың ақшасымен асырап қажет емес. Олар қоғамның ақшасына өмір сүріп жатқан паразиттерге ұқсайды. Егер халықтан ақша алғысы келген екен, онда өзін дәлелдесін, көрсетсін. Елдің алғысына бөленсін. Бұл – менің ойым", - дейді Боқаев.

P.S.: Айтпақшы, "Нұр Отанның" бір күндік шығынына бір көпбалалы, аз қамтылған отбасына баспана алып беруге болады. Бір жылда 365 анаға үй алуға болады екен. Немесе 5 жылда 1825 анаға үй беруге болады. "Нұр Отан" парламентте енді 5 жыл отырады.