Bugin

Офицер болу – батыл мамандық

Лейтенант атағы беріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан әскерлерiнiң әскери институты (Петропавл қаласы) жоғары әскери-арнайы бiлiмдi офицерлердi дайындау мақсатында 1997 жылдың 18 наурызында Үкiметтің Қаулысымен құрылды. 1997 жылы 20 желтоқсанда ел Президентi институтқа Жауынгерлiк Туды табыс еткен болатын.

Жоғары оқу орнында оқу мерзiмi – 4 жыл. Оқу мерзімі бойы курсанттар үш мезгiлдi тегiн тамақтанумен, ақшалай үлеспен,  киiм–кешек жабдығымен, қажеттi оқу әдебиеттерiмен қамтамасыз етiледi. Оқыту бағдарламасына сәйкес курсанттарды ЭЕМ операторы және "В", "С" санатты  жүргiзушiсі ретінде дайындау қарастырылған.

Институт түлектерiне "лейтенант" әскери атағы және алған мамандығына сәйкес белгілі бiлiктiлiгі берiледi, жоғары әскери оқу орнын  аяқтағаны туралы диплом және  белгілі үлгідегі кеуде белгiсi  табыс етiледi. Түлектер әрi қарай қызметтi өтеу үшiн елдің қалалары мен облыс орталықтарында орналасқан   әскери бөлiмдерге  жiберiледi.

Институтқа Қазақстан Республикасының жасы мына шамадағы орта бiлiмдi  азаматтары қабылданады:

- әскери қызметті өтемеген, оқуға түсер жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспайтын азаматтық жастардың құрамындағы адамдар; жиырма төрт жасқа дейінгі әскери қызметті өтеген азаматтар және мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер; жиырма төрт жасқа дейінгі келісімшарт бойынша әскери қызметті өтеп жүрген әскери қызметшілер.

Оқуға түсу бойынша сұрақтар туындаса,  ҚР Ұлттық ұланы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының 3477 әскери бөліміне 87054056691 телефон нөміріне хабарласуға болады.

ҚР ҰҰ 3477 әскери бөлімі