Білім және ғылым

Журнaлиcтикaның негізгі функциясы мен қызметі

Ақпарат тарату функциясы - ақпарат тарату

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Журналистика функцияларының біздің қоғамымызда маңызы ауыз толтыра айтарлықтай. Өйткені журналист боламын деген  әрбір тұлға  бұл функциялардан хабардар болуы міндетті. Білмеген жағдайда шала тележобалар туындайды қандай мақсатта көрермендерге көрсетілетінін білмейтін, жалаң тілді мақалалар пайда болады түпкі идеясын ұғыну мүмкін  болмайтын және бұндай келеңсіздіктер де қазіргі қоғам келбетінде жоқ деп айта алмайтынымыз белгілі. Журналистиканың алты функциясы бар.

Ақпарат  тарату  функциясы  - журналистиканың  барлық  функциясына  тірек болатын, ең  басты  функция. 

Бұл  функцияның  маңызы  қандай?  Айтпаса да бәріміз  білеміз, біздің  алтын  ғасырымыз-ақпараттарға  толы  және  сонысымен  қызықты. Әзіргі күнде ақпараттар нөсерлеп жаңбырша құйылып жатыр.Ақпарат арқылы қоғамдық  сананы басқаруға болады. Күнделікті  көзді  ашып жұмғанша  көз  ілеспес  жылдамдықпен  желмен  жарыса  келіп жатқан  ақпараттар  легі толастар  емес.

Жаңалықтарды қарағаныңыз, сайттардан мақала оқығаныңыз осы ақпарат  тарату функциясының  еншісі. Бұрынғыдай көгершінге хат байлап, я болмаса, елшілік жіберіп  бірталай күнді өткізіп, не айлап күтіп  отырудың  қажеті жоқ. Ақпарат бір  тетікпен-ақ  сіздің дәл алдыңызда. Журналистиканың ақпарат тарату функциясында қандай да бір  факт оқиға немесе құбылыс негізге алынады. Функцияның аты айтып тұрғандай, ақпарат жанрын түгел қамтиды.

Ақпараттардың минут санап көбеюі – адамдардың  білгісі, көргісі  келуінің нәтижесі. Сол бір  ақпараттарды жинастырып, дайындап, оқырман яки көрерменнің  назарына  ұсынатын  еңбек – журналистікі. Былайша айтқанда, журналисттің жады- ақпараттың  отаны.

Ақпарат  тарату функциясы қашан да болмасын өз дәрежесін жоғалтқан  емес, керісінше дәл қазіргі 2020 жыл басталған  сәттен өз  құндылығын одан әрмен арттырды. Аты  жаман  індет  туралы суық  хабар хақында бәрі  жаза бастады, әлі күнге тілге тиек етуде, ол жайында  халықтың  да ақпарат қарамасына болмайды. Ақпараттық функцияға  осы індет  туралы желідегі мәліметтерді мысалға аламын.  

Арнайы осы індеттің негізінде ашылған  сайтта  әр күн  сайын  індетпен неше адам ауырғанын, нешесі жазылып шыққанын,  бір тәулікте  неше  адам емделгенін түгел қамтып, шұғыл  ақпарат  ретінде  көрсетеді. Бұны ақпараттық  функцияға  жатқыза  аламыз.

Танымдық  функция – хабар таратуда сан салалы мәдени- ағартушылық  мақсатты жүзеге асыруда маңызды рөл ойнайды. Бұл функция ақпаратты айта отырып, ағартулық, танымдық  тұрғыда қарастырады. Ақпараттар неше түрлі тақырыптар  кездесетіндіктен  экономика, экология салаларында, саясат, тарих, саяхат тақырыптарында, дүниежүзілік географиялық  жағдайлар туралы ақпараттар жетерлік. Осы салалар бағыты бойынша жазатын журналистің де жазу функциясы танымдық  сипатта. Мысалы, "Aзaттық paдиocындa" жapық көргeн "Мұнaй бaғacының apзaндaуы Қaзaқcтaнғa жaйcыз тидi" aтты мақаланы қарастырып көрелік.

Бұл мақаланың мазмұны  төмен бағадағы тұқыр мұнай жайында. Қaшaғaн кeнiшi шығapyғa мiндeттi мұнaй мөлшepiнe қaрaмacтaн шикiзaтты eкi ece көп өндipe бacтaғaн.  Соның салдарынан басқа  кеніштердегі жұмыс баяулады. Өндіріс ошағы мұнайды  сатып алатын клиентті жанталасып іздегенімен, басқалар сапасы төмендеген мұнайды алуға құлықcыз екені һәм. Осы бір мақала журналистикадағы танымдық  функцияның  қызметін атқарады.  

Ұйымдастырушылық  функция-халықты  болашақта болатын  қандай да бір іске ақпарат арқылы ұйымдастыруды көздейді.

Халықты  ұйымшылдыққа, "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға" үгіттейді. Ұйымдастырушылық  функцияның  да  маңызы орасан. Елбасымыз Н. Назарбаевтің  бұрынғы, Қ.Тоқаевтің  қазіргі  халыққа  деген  жолдаулары, жыл  сайын 16 желтоқсанда бейбіт шеруге адамдарды шақыру, жиналдыру   осы ұйымдастырушылық функцияға  жатады. Мысалы, іnstаgrаm әлеуметтік  желісінде mаmуrbекоv  парақшасында 24 желтоқсанда салынған Қарилық  медрессенің  құрылыс жүйесі  бітпей қалғанын  мәлімдеген еді. 

Құран үйрететін орынның   жасалуына көмек сұрап халықты ұйымдастырды.  Тағы бір мысалды  "Qazaqstan dauiri" газетінің жиырма үшінші желтоқсанында жазылған "Екі есеге азайды" мақаласынан келтірмекпін. Бұл  мақалада Нұр-Сұлтан қаласында "Білім-инновация" лицейінің оқушыларына арналған үш қабатты заманауи құралдармен жабдықталған, жаратылыстану бағытындағы пәндерді тәжірибе  жүзінде өте алатындай мүмкіндігі бар, одан қалса бейіндік пәндермен, спортпен айналыса алатындай жағдайдағы бір сөзбен айтсақ оқушыға тек оқуды талап ететін  мектеп салынғандығы хабарланған.

Мектептің үздік тұстарын сипаттай келе, алда жоспарланып отырған бес жылдық кезеңде елу мемлекеттік мектеп тұрғызуға инвесторларды іздейтінін мәлімдеген. Бұл мақала мақсаты жаңа мектепке оқушыларды жұмылдырумен қатар,  халық арасынан білікті инвесторлар табу. Мысалды негізге ала  көрсеткен мәліметтерім, журналистиканың ұйымдастырушылық функциясына жатады. Мана айтып өткен  ақпарат таратушы, танымдық, ұйымдастырушылық функциялары бір-бірімен сабақтас.

Басқарушылық (бақылаушылық)  функция.  Елімізде конституция бойынша бекітілген үш  басқарушы орган бар.

Бірінші, басқарушылық (президент) – бюджетті басқаларына тапсырады, билік жүргізеді;

Екінші, заң шығарушылық (парламент) – бюджетті талқылайды, жоспарын  құрады;

Үшінші, атқарушылық (министрлер) – бюджетті  жасайды, кейін қайта президент қол қойып бекітеді;

Кейін келе төртінші билік деп бақылаушы орган (журналистер) аталып кетті. Ең ауыр жүк осы журналистер қауымына артылды. Неге десеңіз, билік пен халық арасында көпір болу  таразының басын тең ұстауға ұмтылу жеңілдің үсті емес.

Биліктің тындырған ісін халыққа жеткізу, халықтың мұң-мұқтажын билікке естірту, орындалмаған яки шала жасалған істі, дұрыс игерілмеген бюджетті  халық атынан сынға алу  осы журналисттік қызмет басқарушылық  функция  келбеті. Бұл функциядағы журналисттің міндеті  халық атынан бақылау.

Жол дұрыс салынбаса, халық ауыз сумен қамтамасыз етілмесе, электр жарығы түсірілмесе журналист қаламы арқылы  әкімге  сын  айтады.  Бұл функцияға мысал келтірсем, жаңалықтар тізбегінде немесе газет беттерінде  кейбір ауылда су болмаса, кейбір ауылда жарық жоқ екенін естіп жататынбыз.

Демек, бұндағы атқарылған іс ауыл тұрғындарының жағдайынан  сол бұқаралық ақпарат құралдары арқылы  билік өкілдері хабардар болуы. Осыдан біршама жыл бұрын мен топырағына  аунап өскен ауылымда  ауыз су тапшы еді. Ауыл адамдарының үнін "Жетісу" арнасының тілшілері естіп жаңалықтар бетіне жариялады. Содан кейін-ақ, су құбырларын әр үйге жалғау жұмыстары басталып кетті. Демек, журналистикадағы басқарушылық функция қызметі атқарылды.

Алматы облысы, Райымбек ауданында кішкене ғана Көксай деген ауыл бар. Сол ауыл тұрғындары әлі күнге  дейін ауыз суды орталықтан тасып ішеді.  Әр үй маңына су құбырлары тартылмаған.  Өзім кішкене күнімнен  көшенің  басынан үйіңе дейін су тасудың азабы қандай екенін жақсы білемін, қыстың  күні су қатып қалса бүкіл ауыл адамдары үйіндегі бар жылы дүниесін алып келіп қалай жібітетінін де көріп өстім. Сол  себепті, осы күнге дейін Көксай ауылының  тұрғындарының  орталықтан  су тасуына наразымын. Ауыл адамдарының  жанайқайын да естідім. Бұл ақпарат билік құлағына жетіп, іс атқарылса  басқарушылық  функцияны толықтырар еді. Бір қызығы бұл туралы ешқандай БАҚ өкілдері  жар салмады.

Қарым-қатынас құралы. Журналист халық пен билік арасын байланыстырады деп атап айта кеттім.  Мақала  немесе телебағдарламалар  арқылы  халықтың мұң-зарын билікке  жеткізу, билік шешімімен халықты құлағдар  ететін журналист  қарым-қатынас құралының міндетін атқарады.  Кез-келген тұлғадан сұхбат алу барысында халықты  толғандырған ойды  журналист сұрақ түрінде қою арқылы қарым-қатынас орнатып, осы функция бөлшегін толықтырады.  

Көңіл көтеру функциясы –  халықтың  көңіл-күйіне әсер ету мақсатында туындаған функция.  Қазіргі кезде телесериалдар, тоқ шоулар, концерттер, бұрынғы ойын-сауық бағыттағы "Tamasha TV" атты әзіл арнасының көрсетілімдері,  газет беттеріндегі  сатиралық элементтер, әзіл-оспақтар, астарлы мысқылдар осы функцияға жатады.

Ұлттық  арнада көрсетілетін Нартай Аралбайұлы жүргізетін "Жүзден жүйрік" бағдарламасы да осы жанрды қамтиды.  Дау дамайсыз  бір кездерде көңіл көтеру функциясының  дәрежесі жоғары болатын.  Газеттердің  беті әзіл-сықаққа, сканвордқа, логикалық сұрақтарға толы  болған. Халықтың назары  осы  функция төңірегінде еді. 

Қазіргі кезде газет бетіндегі негізгі  мақалалар экология, саясат, неше түрлі мәселелер жайында жазылып кетті. Ал көңіл көтеру функциясы туралы ең шетінде азырақ қана жазылатын болды немесе мүлде кездеспейді. Бұл функцияға мысал ретінде Балғабек  Қыдырбекұлының  мақалаларын алғым келеді.

Бұл – журналист, жазушының мақалалары фельетон  жанрында жазылған  дәл осы көңіл көтеру функциясына да үлес қоса алады. 

Ел  арасындағы алаяқ, жалған жанашыр пысықайларды фактілер арқылы бас көтертпестей сынайды. Уытты тілімен түйреп түсірер өткір ойларын  бүкпесіз анық жеткізеді. 

Мақалаларының  тақырыбының  өзі  оқырманға интрига беріп, мысқылмен қойылады.

Журналистика  функцияларын  журналист  ретінде  біліп жүргеніміз абзал. Өйткені  білгір журналист ретінде бізді ел танысын  десек, өзіміздің құттай бастаған қадамдарымыздың өзін нақ  баса  алардай етіп көкейімізге  білім нәрін ерекше сіңдіруіміз керек.  Ұлы тұлғаларша  білмегенді білмекке ұмтыл, жақсының ізін бас, жаманның жолынан қаш. Өз мамандығыңды шын сүйсең  оның әрбір тасын шын көңілмен, ізгі ниетпен қалау керек. Сондықтан журналистика бастауындағы білім нәрінің өзін құмарлана іш.

Міне, журналистиканың  барлық функцияларын бар білгенімше тәлпіштеп көрдім. Болашақта журналистика функцияларын тереңдей, нағыз журналистше меңгеретініме сенімдімін. Өйткені, бұл менің басты қызметім! Менің мақсатым- өз сүйген ісімнің білгір маманы болу.

Жұмаш  Еңлік

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  Университетінің журналистика факультетінің 1-курс студенті