Жамбыл облысы
Еттен жасалған тойымды салаттың құпиясын ашамыз
Ет салаты тойымды, бір жағынан тағам ретінде жеуге болады. Ендеше осы салаттың рецебін біліп, дайындап жүрейік.
Құрамы:
400 грамм ет, 10 түйір картоп, 2 жұмыртқа, 3-4 түйір тұздалған қияр, 1 кесе қаймақ не майонез, жарты кесе 2 пайыздық сірке суы, тұз бен бұрыш (дәміне қарай саламыз)
Дайындау процесі:
Пісіріп, суытылған ет пен картоп жұқалап кесіледі. Оған жұқалап туралған тұздалған қияр, ұсақтап туралған жұмыртқа қосылады. Сөйтіп кеңірек ыдысқа салынады да, тұздалып, бұрышталады. Сірке суы, содан соң қаймақ құйылады.
Дастарқанға әкелерде арнайы салат ыдысына салынады.