Bugin

Сандар тағдырыңызға қалай әсер етеді?

Нумеролог Гүлістан Қайратқызы нумерология саласы жайлы тарқатып айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сандар адам өміріне жүз пайыз әсер етеді, бұл-рас. Кез келген адамның өмірге келген күні, айы, жылына сәйкес әр санның құпиясы болады. Мен осы уақытқа дейін көп адамды зерттедім, саны мен өмірі байланысты адамдар көп. Алдымен ол адамның мінез-құлқына, содан соң өміріне, ұрпағына әсер етеді. Егер адамда энергетикасы мықты сан болса, ол ата-анасы, достары, көршісі, тіпті, әріптестеріне дейін әсер етуі мүмкін.

Адам есімі мен өмірі тығыз байланысты болғандықтан, ертеден ата-бабаларымыз да есімді мән-мағынасына қарап қойған. Себебі адам есіміндегі әріптердің өзіне тән саны, мағынасы, энергетикасы болады. Ал энергетика міндетті түрде адамға әсер етеді. Мысалы, бір күнде, бір уақытта туылған егіздер бар. «Оларға сан қалай әсер етеді, өмірлері бірдей бола ма?» деп сұрап жатады. Иә, екеуінің ұқсастығы болғанымен, олардың есімдері әртүрлі. Сондықтан әр есімнің саны басқа сипаттама береді. Аттарына байланысты тағдырлары да екі түрлі болады. Айым және Айман есімді егіз қыздарды алайық. Айым тұрмысқа шыққанда өз тегімен қалып, ал Айман күйеуінің тегін алса, онда Айманның тағдыры мүлде басқа арнаға өзгереді. Әрбір аттың, әрбір тегтің өзінің жеке энергетикасы адамға басқаша әсер етеді.

Бал ашу мен нумерология екі түрлі нәрсе

Негізі нумерология ғылыми сала, бірақ оны бал ашумен шатастырып жатады. Балгер болу үшін адамда бір қасиет болуы керек, ал ондай қасиет атадан балаға беріліп отырады. Балгерлер болашақты болжайды. Мысалы, сізге неше жасыңызда тұрмысқа шығатыңызды және неше жасыңызда бала табатыныңызға дейін айтады. Ал нумерология ғылым болғандықтан, әр санның сипаттамасы, тарихы ғылыми түрде зерттелген. Бұл салада сен нақты осы жаста тұрмысқа шығасың деп айту қиын. Нумерологияда керісінше саған осы жаста тұрмысқа шыққан ыңғайлы болады деп айтуы мүмкін. Әр жылдың өзінің тобы (группа) болады. Сол топтың бастапқы, орта және соңғы кезеңі бар. Осы жылдың кезеңіне қарай отырып, осы кезде іс бастасаң болады деп ақыл-кеңес береміз. Мысалы, жылдың бір кезеңі аяқталғанда бастаған іс нәтижелі болады деп айту қиын. Тіпті, құрған жоспарыңыз нәтижесіз болып, құр шығындалып қалу мүмкіндігі басым. Сондықтан нумерология кәдімгі психология, биолгия, физика, химия сияқты өзінің сандары мен ережесі бар ғылым саласы. Нумерология саласын қабілеті бар адам бірден игеріп кете алады. Тек арнайы білім алу қажет.

Сонымен қатар астрология ғылымымен де шатастырмаған жөн. Нумеролгия таза сандармен жұмыс жасайды. Мысалы, 12 ақпан күні адам өмірге келді делік. Мұнда бірінші туған күні, айы, жылы, содан өмірлік саны бойынша есептейді. Сәйкесінше, шыққан санға байланысты адамға ақпарат пен ақыл-кеңес беріледі. Ал астрология мифологиялық тұрғыда қарастырылады. Бұл жерде әр санның өзіндік мифтік оқиғасы бар. Астрологияда күн жүйесіне негізделген планеталар, ай алынады. Бұл кезде әр санға байланысты планетаны алады. Нумерология болашақты болжамайды, тек қандай да бір күннің ыңғайлы не ыңғайсыз болуын сандармен есептеп береді. Ал астрология тереңірек және беретін ақпараты да көп. Нумерлогия таза ғылым болса, астрология ғылыми негізде дәлелдене бермейтін ақпарат береді. Бірақ қазір интернеттен, радиодан айтылатын жұлдыз-жорамал жүз пайыз сәйкес келмейді. Астрология өте терең ұғым, мұны бал ашуға жақын деп айтуға болады. Одан бөлек астрология нумерологияға қарағанда адам потенциалын тереңірек зерттейді.

Кәсіпкерлер үшін нумерологияның пайдасы көп

Нумерология мыңдаған жылдар бұрын Пифагордың кезінде пайда болған. Былай қарасақ өмірімізде бүкіл жер саннан құралған. Мысалы қазіргі программа, бүкіл формула, тіпті үйдің салынуына дейін сан. Ғылымның дамуы да санға байланысты. Бұрындары басшылық ғылымды басып тастауға тырысқан. Себебі оларға қараңғы халықты басқару оңай, ал кей адамдарға бұл ерекше ғылымның жарыққа шығуы тиімсіз болды. Нумерология ғылымын ұзақ жылдар бойы жасырын ұстап келді. Мысалы жіптің шеті шықса, ол да қараусыз қалмайды. Сол сияқты бұл ғылымда жарыққа шықты. Бүгінгі таңда нумерология ғылымының берер пайдасы өте көп. Өйткені жан-жағыңдағы адамның туға күініне қарап мінезін біле аласыз. Мысалы, бизнес саласында жүрген адамдарға бұл өте ыңғайлы. Кәсіпте қандай да бір шарт жасасау үшін осы жылдың қолайлы не қолайсыз екенін білуге болады. Сол жылмен адамның туған жылының сәйкестігін есептейміз. Егер сәйкес кодтар шығатын болса, онда белгілі бір іс бастауға немесе келіссөзге отыру нәтижелі болады.

Жоқ санның орнын әріппен толтыруға болады

Нумерология сонымен қатар адамның потенциалын анықтап береді. Қазіргі таңда екінің бірі экономист, заңгер. Бірақ осы сала бойынша ешкім жұмыс істемейді. Бұл адамның сол іске деген қызығушылығының және талабының болмағаны. Ал нумерологияда сандарға қарап адамның неге икемі бар екенін, тіпті оның өмірлік миссиясын қарап беруге болады.

Бүгінде көп ата-ана балаларының кішкентайынан нумерологиясын зерттеп, қай салаға қабілеті бар екенін анықтап алады. Бұл дұрыс. Егер баласының актер не қандай да бір салаға жақын екенін білсе, баланы кішкентайынан бастап сол салаға икемдеу керек. Кішкентайынан баланың дарынын ашса, өсе келе бала өз саласының біліктісі болады. Жанып тұрған отқа ағаш салсаң, лапылдап жанатыны сияқты бұл жерде де дәл солай. XXI ғасырдың балаларында тоғыз саны болмауы мүмкін, алайда жоқ санның орнын әріппен толтырамыз, яғни есімді дұрыс қою керек. 

Сонымен бірге көп жағдайда әріптестер арасында не отбасында кикілжің болып, бір-бірін түсінбей жатады. Осы кезде нумерологияның көмегіне жүгіну арқылы түсініспеушіліктің себебін анықтауға болады. Нумеролог пен психологтардың айтқаны сәйкес келеді. Негізі нумеролог болған адам психолог та бола білу керек. Психологиялық қабілеті болса, сәйкесінше нумерологиясын қарау арқылы адамға ақылын да бере алады. Нумерология мен психология ұқсас, бірақ мақсаттары әртүрлі. 

Сандарға сәйкес әрекет етпеу, денсаулыққа зиян

Сандардың жиынтығын тест деп атаймыз. Жақсы не жаман адам болмайды, барлығы адамның іс-әрекетіне байланысты. Сол сияқты тесттің жақсысы да, жаманы да болмайды. Кейбір адамдарда белгілі бір санның жетіспеушілігі болады. Мысалы, сол сан жоқ болған жағдайда қарапайым түрде ол баланың өз-өзін бағалауы төмен болуы мүмкін. Бұл жағдайда ол адамға кішкентайынан рух беріп, «сенің қолыңнан келеді, сен істей аласың» деген сөздермен сенімділігін ояту керек. Ал кей адамдарда өз-өзін бағалауы тым жоғары болады.  Сондықтан оларға керісінше қарапайым болуды үйретіп, кішкенайынан өзінен басқа адамның да бар екенін ескертіп отырған жөн. Эмоцияға жауап беретін сандар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бала тынымсыз, әрі тез ашуланшақ болады. Бұл кезде балаға ұрыспай, керісінше түсіністік танытып, қолдау көрсету керек. Ал кей адамдарда эмоцияға жауап беретін сандар болмаса, олар өзінің ойын, шынайы сезімін білдіре алмайды. Мұндай жағдайда ол адамға түсіністікпен қарауға болады. "Кей қыздар мені жігітім ұнатпайтын сияқты" деген оймен келеді. Сөйтіп, ол жігіттің санына қарасаң, эмоцияға жауап беретін сандары болмай шығады. Егер ол сан болмаса, адам өзінің ішіндегі сезімін білдіре алмайды. Ал қыз ол жігіттің қолынан келмейтін дүниені талап етеді. Кей адамдар өте көп ойлануы мүмкін. Түнде ұйықтай алмай, өзіне көп мақсат қойып, өзіне шамадан тыс міндеттемелер артады. Ал оны орындайтын оның күші жоқ. Керісінше кейбір адамдарда физикалық күші жете тұра, ештеңе істемей жүре береді. Мұндай жағдайда адам көп қимылдау керек. Егер өзінің санына байлансты әрекет етпесе, оның денсаулығына кері әсерін береді.

Саныңыз сіз туралы қандай ақпарат береді?

Алдымен туған күңізді есептейсіз: 21.02.1996

21=2+1=3, 02=0+2=2, 1996=1+9+9+6=25=2+5=7, 3+2+7=13=1+3=4

0-саны жиі қателесетін адам. Мұндай адамдар шешімді асығыс қабылдап, жиі қателесіп жатады.

1- көшбасшы әрі креативті идеяның авторы. 

2- дипломатияға жақын жан;

3- кез келген істің шешімін тез табатын, шапшаң адамдар;

4- жауапкершілігі жоғары, тәртіппен жүретін адамдар;

5- эмоцияға тез берілетін және ақыл айтқанды жақсы көретін адамдар;

6- әдемілікті жақсы көретін адамдар, яғни тәтті тағамды, әдемі киінгенді жақсы көреді;

7- рухты әрі көшбасшылық қасиеті басым адамдар;

8- әділдікті жақсы көретін, кез келген істің шешімін табатын адамдар;

9- өте ақылды, логикасы мықты адамдар;