Білім және ғылым

Инь мен Яньның сыры

Жапондар кайдзен жүйесі арқылы жетілсе, қытайлар инь мен янь арқылы өз қалыптарын сақтауда.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл ұғымдарды естуіңіз бар шығар. Конфуций ілімінен және Қытай философиясынан тараған. Қытай философиясының негізін қалаушы категорияларының бірі. Янь -жақсылық , Инь жамандық яки зұлымдық.

Қытай философиясының дамуы барысында Ян және Инь экстремалды қарама-қайшылықтардың: жарық пен қараңғылықтың, күн мен түннің, күн мен айдың, аспан мен жердің, жылу мен суықтың, оң және теріс, жұп және тақ және басқалардың өзара әрекеттесуін бейнелейді. Алғашында бұл қағида физикалық даму мен күштерге негізделген. Уақыт өте метафизикалық ұғымға өзгеріп жатыр.

Мысалы, жаңбыр суының бақша үшін пайдасы көп. Бұл - Янь. Бірақ судың шектен тыс көбеюі апаттарға әкеліп соқтырады. Бұл - Инь. Кайдзен жүйесін қолданушыларға өте таныс ұғым.

Янь шарықтау шегіне жеткенде Иньге ауысады, Инь де солай. Сол сияқты шектен тен тыс  батырлық қазаға, шектен тыс тәртіп жасқаншақтыққа, артық ақпарат енжарлыққа ұшырататындай. Адам өзінің жомарттық деп жасап жатқанын ысырапшылдық екенін білуі неғайбыл. Тіпті, ессіздік деген сөздің өзі белгілі бір деңгейде саналылық немесе шектен тыс ақылдылық деген ұғымды беретін секілді.