Қазақстан жаңалықтары
Пандемия және энергетика
Екі ел президенті телефон арқылы ынтымақтастық жайында сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға қарамастан екі ел арасындағы байланысқа разы екенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Ақорда сайтына сілтеп хабарлайды.
Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЕАЭО-ны одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын қабылдады.
"2021 жылы Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастық форумы Көкшетау қаласында өтеді. Іс-шараны өткізу нысаны эпидемиологиялық жағдайға байланысты белгіленеді", - делінген Ақорда сайтында.
Сонымен қатар, сөйлесу барысында энергетика саласындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.