Қазақстан жаңалықтары

Балалы бола алмай жүрген жанұяларға жаңа медбағдарлама іске қосылды

Елімізде “Аңсаған сәби” әлеуметтік бағдарламасы басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде 2021 жылы экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) бағдарламасына бөлінген квота 7000-ға  жетті. Бұл жайлы ҚазАқпарат хабарлады.

Квота беру көрсеткішін кеңейтіп, кезекті азайтуға болады. Қазір елімізде 11030 әйел бедеулікпен есепте тұр.

"Нұр-Сұлтан қаласында бедеулік бойынша есепте тұрғандар саны – 1331. Біздің отбасын жоспарлау бөлімшесі ҚРТ көрсету – ЭКҰ-ға дайындау жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік және үйлестіру орталығы ретінде жетекші ұйым болып табылады. Биыл елордаға 486 квота бөлінді. Әзірге 200 квота беріліп, пациенттер дайындалуда. Осы жылы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары бұрын қаралмаған және жеке медицина орталықтарына қаралған бедеулік көрсеткіштері бар пациенттерді анықтап, белсенді жұмыс жүргізуде", - дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 қалалық көпбейінді аурухана директорының амбулаториялық қызмет жөніндегі орынбасары Сәуле Жамантайқызы Ибраева. 

ЭКҰ-ға жолдама алу үшін тіркелген жері бойынша емханаға барып, пациенттің бедеулігі бар диспансерлік пациенттердің электрондық тіркеліміне қосуылуы және бірқатар тексерулер тағайындалуы қажет.

Бастапқы 12 айда емхана ұйымы бейінді маманның қорытындысы негізінде пациенттің құжаттарын жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі жергілікті комиссияға жібереді. Оң шешім қабылданса, пациентті "Емдеуге жатқызу бюросы" порталына тіркеп, емшараға дайындай бастайды. Пациент экстракорпоралды ұрықтандыру үшін клиниканы өзі таңдауға құқылы.

МӘМС бойынша ЭКҰ процедурасынан жылына бір рет тегін өтуге болады. ЭКҰ емшарасы жасаларда ерлі-зайыптыларды тексеру тізбеге сәйкес жүргізіледі. МӘМС жүйесінде ЭКҰ – циклдің базалық бағдарламасы қарастырылған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында 2021 жылдан елімізде "Аңсаған сәби" әлеуметтік бағдарламасын іске қосуды, "ЭКО" бағдарламасымен квотаны 7 мыңға дейін арттыруды міндеттеді.