Bugin
Былтыр ковидпен күресу үшін 1,5 млрд еуро алған еді
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев коллегия отырысында ішкі нарықты қаржымен қамтамасыз ету үшін сырттан қарыз алуға мәжбүр екенін айтты. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Биылғы республикалық бюджетті қамтамасыз етуге 2,6 млрд теңге жетпейді. ЖІӨ-нің 2,6%-ына тең. Оны толтыру үшін ішкі қор нарығын толықтыру керек. Ал оны мемлекеттік құнды қағаздарды шығару арқылы шығынды жаппақпыз. Алайда ішкі қор нарығы бүкіл шығынды толтыра алмайды, сондықтан сырттан қарыз алу керек. Халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз аламыз немесе еурооблигация шығарамыз", - деді Жамаубаев.
Оның сөзіне қарағанда, "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасында шетелдік валюта есебімен мемлекеттік құнды қағаздарды шығару бойынша бағдарлама әзірленбек.
"Бұл халықаралық инвесторларды тарту мен Астана қаржы орталығы биржасының дамуына көмектеседі. Сол арқылы бюджетке жетпейтін соманы толыққанды толықтырып отырмақпыз", - деп түсіндірді министр.
Айта кеткен жөн, былтыр Қазақстан үкіметі пандемиямен күресу үшін 1,5 млрд еуро шетелден қарыз алған еді.