Саясат

АҚШ-тағы жарылыс: Трамп қонақ үйі жарты минутта күйреді

Банкротқа дейін мекеме Голливуд актерлерінің, рок жұлдыздардың және спортшылардың қатысуымен кештер өткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атлантик-Ситиде (Нью-Джерси) АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа тиесілі 39 қабатты Trump Plaza казино отелі бұзылды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Liter.kz-ке сілтеп хабарлайды.

Видеожазба NJ.com басылымының YouTube арнасында жарияланды. 39 қабатты ғимарат бақылаушы жарылыс арқылы бұзылды. Ғимарат жарты минутқа жетпей күйреді. Айнала көк түтінге борады.

Trump Plaza казиносы 1984 жылы бой көтерген. Голливуд актерлерімен, рок-жұлдыздарымен және спортшыларымен түрлі кештер өткізілетін. Банкротқа ұшыраған соң Дональд Трамп арадағы келісім шарттарды бұзды. Дегенмен саясаткердің аты кейін де қолданыста болды.

Қала басшылығы қонақ үйді бұзуды аукцион арқылы ойнату керек деп жобалады. Түскен қаражат жасөспірімдерге кәсіптік білім беретін жастар клубына көмек ретінде жұмсалады.