Денсаулық

Асқазанға ең пайдалы жеміс

Анар қант диабетіне шалдыққан адамдар үшін де пайдалы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Американдық диетологтар асқазан-ішек жолының жұмысын қалыпқа келтіретін жеміс анар екенін анықтады. Сонымен қатар анар жүрек ауруларының қауіпін азайтады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы EatingWell басылымына сілтеп хабарлайды.

Сарапшылардың айтуынша, анар ас қорытуды жақсартып, іш қатудан сақтайды. Бір қызығы анардың шырынына қарағанда сүйегі аса пайдалы.

Анардың құрамында күшті антиоксиданттар бар. Ол қан қысымынан, жүрек ауруы мен инсульт қаупінен сақтайды.