Қоғам
Қазақстанда 2021 жылы төлқұжаттар толығымен латын әліпбиіне ауысады
2021 жылы қазақстандықтардың есімін латын әліпбиінде жазу ережелерін әзірлеу жоспарланып отыр. Вице-министр Нұрғиса Дәуешов осылай мәлімдеме жасаған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Kazpravda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«2021 жылы Президенттің «Қазақ алфавитін кирилл алфавитінен латын графикасына көшіру туралы» жарлығына және Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, латын әліпбиінде азаматтардың есімін жазу ережелері әзірленеді. Латын графикасы негізінде республика аумағында географиялық нысандар мен олардың құрамдас бөліктерінің атауларын стандарттауды әзірлеу жоспарланып жатыр», - деді Нұрғиса Дәуешов.
Ол биыл мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін 118 іс-шара жоспарланғанын атап өтті.
Айта кетейік, 28 қаңтарда премьер-министр Асқар Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Жиында латын графикасына негізделген әліпбидің жаңа нұсқасы көрсетілді.