Әлем жаңалықтары

Еуропа мүгедектерді ғарышқа жібереді

Еуропа ғарышкер іздеп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуропалық ғарыш агенттігі 13 жылда алғаш рет ғарышкер іздемек. Іріктеу байқауына барлығы қатыса алады. Жынысына, жасы мен ұлтына шектеу жоқ. Тіпті мүгедек жандар да қатысса болады. 

Үміткерлерге қойылатын жалғыз талап – ақыл-ой төзімді және техникалық білімі болғаны жөн. Үміткердің жаратылыстану ғылымдары, инженерия, кемінде математика немесе информатика магистрі дәрежесі және аспирантурада, аз дегенде, үш жыл білімі болуы міндетті. 

Ғалымдардың айтуынша, қазір ғарыш технологиясы дамып кеткен. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандарды да ғарышқа жіберуге жол ашық. Сол үшін Parastronaut жобасын жариялады. 

Италья ғарышкері Саманта Кристофореттидің айтуынша, ғарыш технологиясы  адамның құқығын да, физикалық мүмкіндігін де теңестірді. 

Еуропалық ғарыш агенттігі өзінің экипажын мүгедек мамандармен қатар, әйелдер санын көбейтіп, тұрақты және резервтегі 26 ғарышкерге дейін көбейтуге ұмтылатынын баса айтты. 

"Біз Ай мен Марсқа баруды көздеп отырмыз. Бізге жақсы ғарышкер керек", - деді ESA бас директоры Ян Вернер.   

Өтініштер 31 наурыздан бастап екі ай бойы қабылданады. Ал маусым айында үміткерлер тестілеуден өтіп, 2022 жылдың қазан айына дейін таңдалады. Ал мүгедек жандарды Халықаралық Паралимпиада комитеті белгілеген критерийлермен таңдалады.