Әлеумет

Ананың құшағы – жердегі жұмақ

Ананың мөлдіреген жанары сені сөзсіз түсініп, көзбен жақсы көріп тұрады. Ананың әсем үні, даусы әлемнің ғажайыптары мен сайраған бұлбұлдың дауысынан да әдемі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Анашым, мен сізге әрдайым және кез келген мәселемен жүгіне алатынымды білдіртіңіз маған.

Анашым, менімен сезім туралы сөйлесіңіз. Мен өсемін және мен өзімді түсінетін боламын.

Анашым, маған жылауға, ашулануға, қайғыруға, қуануға тыйым салмаңыз. Өзіңіз дана болыңыз, сезімдеріңізді көрсетіңіз, қателіктеріңізді мойындаңыз. Мен өскен соң менімен бәрі жақсы екенін білетін боламын.

Анашым, менің көңіл-күйімді әрдайым бақылап жүріңіз. Мен өсемін және басқа адамдармен
тіл табысуға қабілетті боламын.


Анашым, мен қиналғанда, қателескенде, сәтсіздікке ұшыраған кезімде мені жұбатыңыз.
Жазалаудың орнына мені түсінуге тырысыңыз. Мен өскен соң өзімді де, өзгені де қолдай алатын боламын.

Анашым, маған не ұнайтынын сұраңыз, менің қажеттіліктерім мен қызығушылықтарымды ескеріңіз. Мен өсемін және өзіме де, өзгеге де қамқор бола алатынымды білетін боламын.

Анашым, мен сіздің ұнатқан нәрсеңізді ұнатып, қалауыңызды әрқашан орындай алмайтыныма
рұқсат беріңіз. Сонда ғана мен өзімнің шынайы қалауымды түсінетін боламын.

Анашым, маған бас тартуға және сізбен келіспеуге, наразылық білдіруге рұқсат беріңіз.
Мен өскен соң «жоқ» деп айта алатын боламын.

Анашым, кейбір жағдайда маған еркіндік беріңіз. Сонда мен жауапкершілігі бар адам
болып өсемін.

Анашым, мені үлкен болуға асықтырмаңыз, менің бала болғым келеді. Мен әлсіз, кішкентай,
мұқтаж болғым келеді. Сонда ғана мен дара және тәуелсіз болып өсемін.

Анашым, мені дәл осылай сүйіңіз. Мен өсемін, мен өзімнің құнды екенімді сезінетін
боламын.

Анашым, мен бала болғанда жанымнан табылыңыз. Мен өсемін және мен жалғыздықтан зардап
шекпейтін боламын.

Және мені жиі құшақтаңыз, себебі сіздің құшағыңыз менің жердегі ЖҰМАҒЫМ...