Спорт

Қазақстандық теннисші қыздар Мельбурндегі жекпе-жекті аяқтады

Үздік нәтиже Дияс пен Путинцеваның еншісінде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2021 жылғы «Үлкен дулығаның» алғашқы турнирлер сериясы нағыз қызып жатыр. Бірақ өкінішке қарай отандастарымыздың ешбірі Австралия ашық біріншілігінің екінші аптасына жолдама ала алмады. Бұл барлық санатқа қастысты. Vesti.kz тілшісі рейтингтің өзгеруін және алынған ақшалай сыйлық көлемін атап, Мельбурндегі Қазақстан спортшыларының өнерін қорытындылады.

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық біріншілігінің үшінші айналымына да жете алмады. Өткен жылы ол 1/16 финал кезеңіне сүрінбей жеткен болатын, ал бұл жолы өкінішке қарай ұпай сандарын растай алмады. Турнир басталмас бұрын Елена WTA рейтингінде 21-ші орында болса, турнир мәресіне жеткен соң ең жақсы жағдайда 22-ші орынды иеленеді.

Сонымен қатар Елена әйелдер және аралас категориялардың алғашқы айналымында-ақ жеңіліс құшты. Барлығы Рыбакина 130,7 мың АҚШ долларын еншіледі.

Юлия Путинцева Еленаға қарағанда үшінші айналымға жетті, бірақ ол бұл жетістігі үшін қосымша ұпайларға қол жеткізе алмады. Юлия өткен жылғы нәтижесін қайталап,ұпайларын сақтап қалды. Турнир өз мәресіне жеткен соң Юлия Путинцева 28-ші орынын сақтап қалуы ықтимал.

Юлия Путинцева да жұптық категорияға қатысып, командаласы Зарина Дияспен бірге өнер көрсетті. Бірақ өкінішке орай олардың жұбы бірінші кезеңнен асып өте алмады.

Зарина демекші, Зарина Дияс та жеке санаттағы жетістігін сақтап қалып үшінші кезеңге дейін жетті. Рейтинг кестесінде бір сатыға төмендеп, 84-ші орынға табан тіреді. Бірақ  Зарнинаның Мельбурн қаласында өтетін тағы бірнеше жарысы бар болғандықтан, ол әлемдік көрсеткіште жоғары сатыға көтерілуге мүмкіндігі зор. Австралияның ашық біріншілігінде Зарина мен Юлия басқа қазақстандықтарға қарағанда көбірек табыс тапты, әрқайсысы 178,9 мың АҚШ долларын еншіледі.

Ал Ярослава Шведова болса  «Үлкен дулығаның» негізгі сеткасына алғаш рет қатысып, бірінші кезеңнен өте алмай қалды. Синглдердің нәтижесі Шведоваға рейтингтік 10 ұпай жинауға мүмкіндік бергенімен , бұл ұпайлардың нәтижесі үздік 1000-дыққа енуге жеткіліксіз, бірақ жақындауға септігін тигізеді.Турнир басталар алдында Ярослава Шведова әлемдік рейтингтің 1337-ші ракеткасы болды.Үш санатқа қатысқаны үшін Шведова 91,8 мың долларға ие болған.

Еске сала кетсек, өткен жылы жеке санатта қыздар жақсы өнер көрсеткен - Рыбакина, Путинцева және Дияс үшінші айналымға жетті.