Қазақстан жаңалықтары
Екі бөлмелі пәтер
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына жасаған ресми сапарында Ақтау қалалық мешітінің теңгеріміне берілген 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Muftiyat.kz-ке сілтеме жасап.
"Үйлі болу – адам өміріндегі үлкен қуанышты оқиғаның бірі. Адам баласы бала-шағасымен қауышып, өз үйінде жүрегі тыныштық табады. Қонақ шақырып, батасын алады. Біз қоғамның бірлігі мен игілігі үшін барын салып, қызмет етіп жүрген имамдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдауға жіті назар аударып отырмыз. Игі ниетімізге үлес қосып жатқан барша жомарт азаматтарға Алла разы болсын айтамын", - деді салтанатты шарада Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бас мүфти мешіт теңгеріміне үй алып берген Айдос Амангелдіұлына ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
"Имамды қолдау – азаматтық борышымыз. Бұл – дінімізге деген қамқорлық", - дейді Айдос Амангелдіұлы.