Bugin

Шоколадты пирог рецебі

Өте дәмді, ортасы ылғалды пирог жасауды үйренініз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құрамы: сүт (260 мл), ұн (235 гр), қопсытқыш (1 ш.қ.), какао-ұнтақ (65 гр), қант (300 гр), тұз(1 ш.қ.), күнбағыс майы (60 гр), жұмыртқа (2 дана), жұмсақ немесе ерітілген сары май (60 гр).

Алдымен 2 жұмыртқаға қант пен тұз қосып, жақсылап ақ түс болып көпіргенше миксермен араластырамыз. Содан соң бұл массаға жұмсақ немесе ерітілген сарымай қосып тағы да араластырамыз. Енді күнбағыс майы мен сүтті қосып араластырамыз. Ұнға қопсытқыш қосып, оны үшке бөліп салып араластырған соң, какао-ұнтақты да дәл солай үшке бөліп салып миксерлейміз. Дайын қамырды пергамент төселген формаға құямыз. Алдын-ала 160 градусқа қызған пешке 50-60 минутқа қоямыз. Дайын болғанын ағаш таяқшамен тексеріп алыныздар. Ас болсын!