Ойындар

Арзан бағамен ойынға арналған компьютер қалай жинауға болады?

Әр адам өзіне қуатты және күшті компьютер армандайды. Сол арманына кішкене болса да жету үшін осы мәтінді оқыңыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазір компьютердің адам өмірінде алатын орны үлкен. Бұған ешкім дауласпас. Виртуалды ойындар да біздің өмірімізде аса маңызды орын алады.

Қазіргі CYBERPUNK 2077, Red Dead Redemption 2, Detroit: Become Human, Metro Exodus, Grand Theft Auto V, Battlefield V, Hitman 2, Minecraft RTX секілді ойындарды ойнау үшін күшті әрі қуатты компьютер керек. Бірақ бәрі бірдей жақсы және қуатты компьютерге қол жеткізе алмайды.

Компьютерлердің бағасы, тіпті, 1 миллион теңгеге жетеді. Бағасы сонша қымбат болса, қалай оны сатып аламыз.

Жақсылап осы екі нұсқауды оқысаңыз, бәрін дұрыс жасайсыз.

1.Пайдаланылған компоненттерді сатып алыңыз

Пайдаланылған компоненттерді интернеттен іздеп сатып алыңыз, олардың арасында өз жұмысын дұрыс атқаратын компоненттерді арзан бағамен табуға болады. Мүмкіндігінше аналық тақтаны, 8-16 гб жедел жадты, Intel процессорын және т.б. бөліктерді іздеңіз

2.Таныстырыңыздың бұрынғы компьютерлерін бөлшектеу

Екінші варриант, Егер сіздің достарыңыздың немесе жақындарыңыздың үйінде ешкімге керек емес ескі компьютер болса, оны алып, бөлшектеңіз. Онда құнды компоненттер жетерлік. Арасында төбеде айтылған intel процессорын, 8-16 гб ОЗУ, қатты диск 250 гб 1000 гб және NVIDIA немесе AMD видеокарталары кездесуі мүмкін.

Осылайша, сіз кем дегенде ойын компьютерін жинайсыз, ол ең күшті болмасада, ойындарға немесе жұмысқа жарамды болады.