Саясат

АҚШ Беларусь шенеуніктеріне санкция салды

АҚШ Беларусьтің 43 азаматына қарсы визалық санкция салу туралы шешім қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Bugin.kz платформасы «Хабар 24»-ке сілтеме беріп  хабарлайды.Құрама Штаттардың Мемлекекеттік департаментінің мәлімдеуінше,«қара тізімге» сот, прокуратура мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері енгізілген. Енді олар АҚШ аумағына кіре алмайды.Жазалау шараларын қабылдауға Беларусь билігінің бейбіт шерулерді күшпен басып,саяси белсенділерді қуғындауы себеп болған.

Естеріңізге сала кетейік, Америка үкіметі бұған дейін 2 рет Беларусьтағы ресми тұлғаларға қарсы визалық шектеулер енгізген еді. Содан бері қара тізім 66 шенеунікпен толыққан.