Саясат

Қытай Clubhouse-ты не үшін бұғаттады

Аз уақыттың ішінде кең таралған Clubhouse та саясатты айналып өте алмады. Нәтижесінде Қытайда бұл платформа толық бұғатталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай еліндегі ақпарат цензурасы мемлекет саясатымен тығыз жүретіні мәлім. Дегенмен елдегі мұсылмандардың жағдайы ашық әңгімедегі онлайн жиында қызу талқыға түсті. Шектеу мен бақылау жоқ «бөлмеде» ой мен сөз бостандығы арқылы шындық айтылды.

Қытайдың «қайта тәрбиелеу» лагерлеріндегі жан түршігерлік қылмыстар, соның ішінде электр тоғымен азаптау, аштықта ұстау, ұрып-соғу, топтық зорлау және мәжбүрлі түрде зарарсыздандыру туралы егжей-тегжейлі ашылған мәліметтер Қытайдағы адам құқығының бұзылуына қатысты халықаралық алаңдаушылықты күшейткен болатын.

Бұл туралы ұйғыр этносынан Винира Абдгени есімді әйел аталған жағдайдың расын білдіреді. Дәлелі –тұтқындар арасындағы туыстары. Винира Абдгени үшін мұндай әлеуметтік желі немесе ақпараттық каналдар шындық үшін алғашқы жасаған қадамы емес. Мүмкіндігі болған жағдайда өзінің туған жері Шыңжаңдағы қиянат туралы күмәнданып азаматтарға өз пікірін жеткізуге тырысатынын айтты.

«Өз көзқарасымды білдіру үшін көптеген арнаны қолданып көрдім», - деді Абдгени ханым өзі тұратын Токиодан телефон арқылы сұхбатында. «Сондықтан мен де ашық айту мүмкіндігі болғанын пайдалану керек деп ойладым. Өйткені ешқашан үнсіз қалғым келмейді».

Тыңдарман мүшелерінің арасында қытайлық азаматтар да болды. Олар бұл жағдай үшін бірауыздан кешірім сұрады. Оқиға ел басшылығына жетіп, мемлекет саясатана қарсы ақпарат таралғандықтан желіні толықтай жауып тастайды.

Айта кетейік, Қытайда Youtube, Instagram, Whats` App сынды әлеуметтік желілерге тыйым салынған.