Weekend

Адам өмір бойы немен күреседі?

Өмір деген күрес, жеңе білу өз қолыңда,жеңіліске мойынұсынуда өз қолыңда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өмір сырға толы қызық əлем, қалтарысы мен бұлтарысы көп бұраңдаған жолдар. Адам сол әлемнің тіршілік иесі.Əрбір адам ең алдымен өз-өзімен күреседі,себебі адамның бойындағы жалқаулық,еріншектік,көрсеқызарлық,ашушаңдық тағы да басқа көптеген жаман мінездер мен əдеттер адамның өсу жолына үлкен кедергі жасайды. 

Адам осы күрестер арқылы өзін-өзі шыңдайды. Адамның сұлу болуы оның ішкі жан-дүниесіне тікелей байланысты. Адамның мінез көркемдігі оның бар болмысын ашып береді. Біз мінезіміз арқылы өз кейпімізді тануға мүмкіндік береміз, бір көрген адам өзінше ой қорытуы мүмкін. Адамды бір көргеннен тану мүмкін емес деп айтуымыз ғажап емес, алайда бір жүздескеннің өзі бірқатар дүниелерден сыр шертері сөзсіз. "Адамды екі нəрсе қартайтпайды-бірі жақсы сөз,екіншісі жақсы мінез"- деп Баласағұни бабамыз айтпақшы жақсы мінезге қарай түзеле бастасақ мына өмір тіптен ғажап болар еді-ау деп ойлаймын. Жамандық-жалын сияқты:өзін де өзгені де жалмай береді. Əр жаман іс жамандыққа, жақсы іс жақсылыққа жеткізетінін бəріміз де білеміз. Ақ пен қараны ажырата білетіндей халдеміз! Сол себепті де жаман ойлар мен мінезден арылу арқылы жақсы жаққа қарай бет бұра аламыз. Қазір бой жарыстыратын заман емес,ой жарыстыратын заман. Бойдың қысқалығынан емес,ойдың қысқалығынан ұялатын заман! Адам өзін-өзі жетілдіріп мына өмірден өз бақыты мен қызығын табу əркімнің өз қолында. Ертеңге үмітпен,болашағына күдікпен қарау ол келешегі кемел өмірге алып келмесі анық. Айтар ойым адам өз ойымен де күреседі екен, келер істің жоспарын жасап, сол іске баға беріп, айқындап алу да күрес секілді. Ең бастысы күрес жолында тізгініңді ешкімге беріп қоймай, тура жолдан адаспай,қиыншылыққа төзіп, қиыншылықтың уақытша екенін сезсең, алар асуымыз бен бағындырар белесіміздің биік болатыны сөзсіз.